Жаңалықтар

Көлік ұрлаған ер адам құрықталды

Қарағанды қалалық Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 62 жастағы азамат көлігінің ұрланғанын айтып, шағым түсірген.

Сурет: pandora-prestige.ru сайтынан

Қала тұрғыны кешкілік жұмыстан келіп, көлігін көпқабатты үйдің ауласына қойған. Ертеңінде қойған көлігінің орнында жоқтығын көріп, полиция басқармасына арызданған. Келтірілген шығын көлемі – 1 млн. теңгені құрады.

Абырой болғанда, көлік бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты. Патрульдік полиция қызметкерлері бейнекамера арқылы 35 жастағы ер адамның мініп кеткенін анықтаған. Нәтижесінде, ер адам өз кінәсін мойындады. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы «Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button