Бас тақырып

Көлік министрі аймақ тұрғындарымен кездесті

Бүгін көлік министрі Марат Қарабаев Қарағандыға іссапармен ат басын бұрды. Сапар барысында министр облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановпен бірге аймақ тұрғындарымен кездесіп, күн тәртібінде өткір тұрған министрлік құзыретіне кіретін мәселелерді талқылады.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Әуелі министр аймақтың жол сапасымен танысты. Кейін «Достық үйінде» көпшілікпен кездесіп, көптің көкейіндегі сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындар тарапынан жол сапасы және әуе тасымалы бойынша түрлі сұрақтар қойылды. Ал, Марат Кәрімжанұлы өз кезегінде:

– Мәселе – жолдың сапасында емес, жағдайында. Сапа мен жағдай – екі түрлі дүние. Сапа болса – жағдай да болады. Бүгін салынып, ертең бұзылып жатқан жолдар аз. Дегенмен, республика бойынша сапасы төмен жолдар жоқ емес. Бірақ, қазіргі уақытта өз технологиясы бойынша салынған жолдардың жағдайы әлдеқайда жақсы – деді.

Мақаланың жалғасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button