Көлік қағып мерт болды
Абай ауданында жол-көлік оқиғасынан 58 жастағы азамат көз жұмды. Жол апаты жергілікті дүкендердің бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Оқиға 24 наурызда болған. Кадрлардан “Renault” автокөлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп велосипед мінген адамды қағып өткені көрінеді. Соққының қатты болғаны соншалық, ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Ол алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмды.
– 42 жастағы “Renault” жүргізушісі Жаңаарқа кентінен Қарағанды бағытына қарай жүріп келе жатып, 58 жастағы азаматты қағып кеткен. Жол апаты салдарынан 58 жастағы велосипедші медициналық мекемеге жеткізілгенімен есін жимастан көз жұмды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс аясында бірнеше сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.
Видео: karaganda.city