Көкжиекті көмкерген тылсым сәуле
Бесінен алтыншы қарашаға қараған түні Осакаров ауданы тұрғындары аспан әлемінің ерекше құбылысына куә болды. Оны тұрғындар «Солтүстік шамдары» деп атап отыр. Мұндай табиғи құбылысты тек полярлық ендіктерден көруге болады. Алайда, түн ортасында Ресейдің оңтүстік аймақтарының тұрғындары «Солтүстік шамдардың» кадрларымен әлеуметтік желіде бөлісті. «Солтүстік шамдарын» Беларусь тұрғындары мен солтүстіктегі отандастарымыз да көрді. Аспанның бұл таңғажайыбын синоптиктер «Күн сәулесіндегі ең күшті магниттік дауылдар» деп түсіндіруде.
Ресейлік синоптиктердің пайымынша, бұл, шынымен, мүмкін көрінеді. Әдетте, орталық ендіктердегі «Солтүстік жарығы» күн сәулесінен түзілген ерекше күшті алау кезінде көруге болады.
– Аспандағы түрлі-түсті сәулелер – атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы бөлшектердің жарқырауы. Бөлшек жарқырауы үшін ол өздігінен иондалуы тиіс. Бұл күннің ыстық лебінің күші арқылы жүзеге асады. Осыдан зарядталған бөлшектердің ағыны жерге көрінеді, – дейді сарапшылар.
Ал, ресейлік синоптик Александр Ильин 4 қарашада күн сәулесінде ең жоғары қуат пайда болатынын айтқан еді.
– Егер бұл күн бетіндегі сәулелер жарылысымен байланысты болса, онда бұл – ең жоғары қуат класы. Мұндай магниттік дауылдар электронды технологияның жұмысына әсер етеді. Негізінен, магниттік, сәулелердің ұзақ толқынды радиохабарларға, навигациялық жүйелерге де қатты әсер етеді, – деп болжады синоптик.
Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz