Спорт
«Көкжалдықтар» жарады
Жақында Сәтбаев қаласының денешынықтыру-сауықтыру орталығында 2002-2005, 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер мен 1998-1999 жылы туған жастар арасында ережесіз жекпе-жектен Ауғанстан ардагерлерінің құрметіне арналған жарыс өтті.
Дүбірлі додада Қарағанды қаласындағы «Көкжал» ережесіз жекпе-жек клубының тәрбиеленушілері мықтылық танытты. Төрт бірдей спортшысы І орынға тұрақтап, алтыннан алқа тақты.
Жарыстан жеңістің туын желбіретіп оралған Асар Балтинов (45 келі), Фархат Ерденов (55 келі), Дидар Кинат (60 келі), және Мадияр Теңдікті (65 келі) «Көкжал» ережесіз жекпе-жек клубының басшылығы қарсы алып, құрмет көрсетті. Спортшылардың бапкері Айдын Жанатов айтулы шәкірттеріне дән риза.
Нұрдос КӘРІМ