Көктемгі су тасқынына дайындық қатаң бақылауда
Қарағанды қаласында су басу қаупі бар тұрғын үйлер мен мекемелер бар. Осы мәселеге дер кезінде әрекет етіп, шара қолдану үшін қала әкімі Мейрам Қожухов пен Қарағанды қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Нұрлан Шакенов арнайы тікұшақпен су басу қаупі бар қаланың іргелес аумағын барлап қайтты.
Арнайы жұмыс барысында «Михайловка» шағын ауданы, Федоров су қоймасы, саяжайлар, Соқыр өзенінің арналары, Көкпекті, Солонка, Оңтүстік-Шығыс секторы, Күнгей ауданы, «Тәттімбет-Мұқанов» көшесінің іргелес дала белдеуі мен «Рабочий» кенті зерттелді.
– Жағдайды қаланың үстінен бақылаған басқаша. Қазір, қала маңында кейбір жерлерде қар жоқ, ал, кейбір жерде керісінше, қар көп. Қазір жағдай қатаң бақылауда. Рейд кезінде әрекет ету жоспарын құрдық. Сол бойынша жұмыс атқарылады, – деді қала әкімі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Оrtalyq.kz