Ресми

Көктемгі су тасқынына дайындық қалай?

Облыс орталығына жазықтан үлкен көлемде су кірді. Жазық даладан келген су Оңтүстік-Шығыстың бір бөлігі мен Үштөбе кентін басқан. Су тасқыны әлі ауыр зардаптар әкелген жоқ. Бұл туралы Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Сурет пен видео қала әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қала басшысының айтуынша, көктемгі қар суының келуі алдын-ала күтілген. Су басу қауіпі бар жерлер дайындалған. Атап айтқанда, айналма канал салынып, тасқыннан қорғайтын бөгет жасалды.

– Мен өзім су тасқыны жағдайын бақылау үшін Тәттімбет-Мұқанов көшелерінің қиылысына жиі баратын боламын. Қазір бәрі бақылауда. Бөгеттерді орнаттық. Олар арнайы нөсер суы ағатын құдықтарға жіберіледі. Бірақ, шамалы қысыммен жүреді. Биылғы жылы осы қиылыстағы кәріз жүйесін қайта құру қажет, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, шаһар басшысы су тасқынының алдын алудың белсенді кезеңіне көшетінін де баса айтты.

Әділет ШОПЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button