Ресми

Көктемгі су тасқыны: нөсер жүйелері қалпына келтірілуде

Қарағандыда көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасуда. Былтыр қалада ұзындығы 17 110 метр нөсер жүйесі қалпына келтірілді. Оның ішіндегі 8420 метрі – жабық типтегі, ал, 8690 метрі – арық жүйесі. Су тасқынына дайындық жұмыстарының деңгейін бақылау мақсатында мамандар тиісті аймақтарға барып қайтты.

Сурет пен видео облыстық ТЖД

Қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі ұзындығы екі шақырымнан асатын айналма арна мен Бұқпа өзенінің арнасы қоқыстан тазартылуда.

Сонымен қатар, ұзындығы 529 метр болатын нөсер коллекторлары орнатылуда.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button