Бас тақырып

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

Қазақстанда 18 бен 27 жас аралығындағы 42 098 азамат көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында мерзімді әскери қызметке жіберіледі, – деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Қорғаныс министрлігінен

Үкімет қаулысына сәйкес, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастыру тапсырылды. Әскерге шақырылған азаматтар заң бойынша кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы болмаса, әскери борышын өтеуге міндетті. Сонымен қатар шақыру учаскелерінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүктелген.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылғандар жиналатын және әскерге жіберілетін орындарда күшейтілген кезекшілік ұйымдастыру тапсырылды.

Ал Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметінің өтініші бойынша тасымалдауды қамтамасыз ету міндеттелді.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button