Бас тақырыпБасты тақырыпҚарқаралы
Көктаста дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр
Әлеуметтік жоба «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарқаралы ауданына жұмыс сапары барысында нысанның іске қосылуға дайындығын тексерді.

Кешен ашылғаннан кейін бұқаралық спорт қолжетімді болады, балалар мен жастар үшін қосымша секциялар ашылады. Мұнда бір мезгілде 40 адамға дейін жаттыға алады. Жобада үлкен спорт залы, бапкерлер бөлмелері, жуынатын бөлме және киім ауыстыратын орындар қарастырылған.
Аяулым СОВЕТ