Медицина

Көктайғақта абайлаңыз

Аймақта тұрақсыз климаттың сақталуына байланысты жарақат алғандар саны көбейген. Қалың қардың соңы жаңбырға ұласты. Салқын ауа райы, көктайғақ салдарынан бір тәулікте 500 адам жарақаттанған. Бұл туралы облыстық травматология қызметі ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев баспасөз мәслихатында айтты.

Аяқ-қолын сындырғандардың көбі әйел адамдар мен балалар. 250 адам травпунктке жеткізіліп, көмек көрсетілді.

– Ауыспалы ауа температурасы травматологиялық жарақат алғандар санының артуына әкелді. Наурыз айының 6-сы күні аймақ бойынша 424, 7-8 күндері 313-345 адам тіркелген. 9-шы наурыз күні 515 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Оның 39%-ы тұрмыстық жарақат, 34%-ы мұзда тайып кетіп жарақаттанғандар, – дейді облыстық травматология қызметі ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев.

Бір таңқаларлығы тұрмыстық жағдайда аяқ-қолын жарақаттағандар саны көп. Аяқ-қолдың сынуы, шығуы, үсуі, дене жарақаты, сіңірдің созылуы мереке күндері жиі қайталанатын жағдайлар. Басым көпшілігі медициналық көмекке жүгінбей, үйлерінде жатып қалып, асқындырып алып жатады. Дәл осындай салғырттық салдарынан дене мүшелерінен айырылып жатқандар да аз емес.

– Дәл осы уақыттарда абай болған дұрыс. Әсіресе, жаяу жүргіншілер жолынан өтерде сақ болған жөн. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлікті мұзда басқару мүмкін емес. Әрі аяқ киімнің де ыңғайлы болғаны абзал, – деді Ерік Шонбаев.

Сағыныш ӘБІЛ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button