Бас тақырып

Көктайғақ, бұрқасын, жел: Қарағандыға қыс келді

Ертең аймақтың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Сонымен қатар, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде де екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады деп күтілуде.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында:

– Жарияланған дауылды ескертуге байланысты Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсыныстарын тыңдауды, қырағы болуды, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады. Аса қажет болмаса, елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыздар. Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласуға болады, – делінген.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button