Абай

Көксу көркейіп келеді

Абай ауданы, Көксу ауылдық округінде біршама игі істер атқарылуда. Ауылішілік жолдар қайта қалпына келтіріліп, орталықта шағын демалыс орны ашылмақ. Бұған дейін де «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында біршама жұмыстар атқарылған.

Атап айтсақ, тұрғындар мен еріктілер аулаларды қоқыстан тазартып, қатты қалдықтарды сыртқа шығарған. Су айдындарының жағасын да ретке келтіріп, тал екті. Сонымен қатар, ауылдың кіре берісіне ауыл округінің аты жазылған үлкен тақтайша орнатқан. Енді тұрғындардың демалуына арналған шағын саябақтың құрылысы жүріп жатыр. Ауылдық округтің әкімі Айым Кашимова осы жұмыстардың бәрі бюджеттен бөлінген қаражаттың аясында атқарылып жатқандығын айтты.

– Ауылдық округте қызу жұмыстар атқарылуда. Осы жұмыстардың барлығы ауыл жұртының игілігі үшін жасалынып жатыр. Мектепке апаратын жолға тратуар төселді. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында маусым айынан бастап ауылішілік жолдың шұрық-тесігі жөнделеді, – деді округ әкімі.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Сурет пен видео аудан әкімдігінен.
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button