Жаңалықтар
Көкпекті өзенінде су деңгейі көтерілді
Бұқар жырау ауданында Көкпекті өзенінің су деңгейі көтерілді.

Соған байланысты ТЖД, 52859 әскери бөлімі қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті тұрғындардың (барлығы 52 адам, 7 техника жұмылдырылған) жедел әрекетімен елді мекенде тұрғын үйлерді су басуды болдырмау үшін қорғаныс білігін тұрғызу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар 500-ге жуық инертті материал салынған қаптар төселді. Әзірге су басқан үйлер жоқ, дейді облыстық ТЖД мамандары.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz
Видео: Бұқар жырау ауданының әкімдігінен