Спорт

«Көкқасқа» бірінші келді

Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылында тазы тұқымды иттердің облыстық жарысы өтті. Сайысқа 140-тан астам тазы қатысты.

Сурет ұйымдастырушылардан

Тартысты өткен бәсекеде қазылар тазылардың алғырлығы, сезімталдығы, жүйріктігі, ептілігіне баса назар аударды.

Бірінші орынға Шет ауданынан келген «Көкқасқа» атты тазы ие болса, екінші орынды Қарқаралы ауданынан келген «Басар» тазысы жеңіп алды. Ал, үшінші орынға Осакаров ауданынан келген «Сарықасқа» тазы тұрақтады.

Бірінші және екінші орын алған тазылар алдағы уақытта «Тазы» федерациясының «Асыл қазына» республикалық байқау­ында облысымыздың намысын қорғайды.

– Көкқасқа – төрт жаста, нағыз қазақы тазы. Алғаш рет бірінші орын алдық. Тазы менің досымдай. Тілімді түсінеді, тек сөйлей алмайды. Республикалық жарыста да өнерімізді лайықты көрсетеміз деп сенемін, – дейді тазы иесі Қуаныш Советов.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқаудың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды, оның ішінде, тазы тұқымын сақтау. Сонымен қатар, тазы тұқымының облысымыздағы ең жылдам өкілін анықтап, елге таныту.

Өз тілшімізден
Сурет ұйымдастырушылардан.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button