Жаңалықтар

Күйшіге – университет құрметі

Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы, белгілі күйші Мұхамеджан ТІЛЕУХАН әлем әртісі Айман МҰСАХОДЖАЕВАНЫҢ өкімімен Қазақ ұлттық өнер университетінің «Құрметті профессоры» атанды.

Мұхамеджан ағаның «Арман-ай», «Тағдыр-ай», «Аңсағаным», «Нұр қосбасар» сияқты шығармалары – қазақтың күй өнеріне қосқан сүбелі туындылар. Күй өнеріне сіңірген еңбегі үкімет тарапынан лайықты бағаланып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Ал, университет тарапынан құрметке бөленіп жатқан талант иесінің домбырашылық, күйшілік, композиторлық қырлары жарқырай түспесе, кеміген жоқ. Әмсе, солай бола беруіне тілектеспіз.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button