Жаңалықтар

Көңілге сенім ұялатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты жаңа жылдың алғашқы күнінде елді елең еткізіп, қоғам қызығушылығын тудырды. Мемлекет басшысы өткен жылға қорытынды жасап, биылғы мақсатымен бөлісті.

Еліміздің ішкі және сыртқы саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы және қоғамды толғандыратын басқа да өзекті тақырыптар жайында ой-толғауы еліміздің саяси өмірінің оңды өзгерістерін саралауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы сөзінде ұлттық мүдделерді ескере отырып, сыртқы саясат белсенді түрде жүргізілетінін тілге тиек етті.

2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммиттер, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Түркі мемлекеттері секілді ұйымдарға төрағалық етеді.

Сондай-ақ, еліміз үшін дүниежүзілік Көшпенділер ойынын өткізу маңызды оқиға болмақ. Бұл сөзсіз Қазақстанның халықаралық аренадағы саясаты мен беделін көрсетеді.

Мемлекет басшысының сұхбаты еліміздің болашаққа мақсаты айқын, жоспары нақты екеніне көз жеткізіп, көңілге сенім ұялатты

Ерден ХАЛИЛИН,
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты

Басқа материалдар

Back to top button