Ресми
Көңіл көтерген концерт
Теміртау қаласында кеше Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті. Қалалық Мәдениет үйіне жиналған жұрт «Бірлігі жарасқан Қазақстан» концерттік бағдарламасын тамашалады.

Қала тұрғындарына Қали Байжанов атындағы филармонияның өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлап, ән мен күйден шашу шашты.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ.
Ortalyq.kz