"Білгенге маржан"

Көбе

Газетіміздің 16 сәуір күнгі №51 (22 792) санында жарияланған «Отшыген дегеніміз не?» деген сауалымызға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші жолдаған – Жезқазған қалалық көпбейінді ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі, дәрігер-хирург Бауыржан ЕШЖАНОВ.

Отшыген

«Отшыген – әулеттің иесі деген мағына береді. Қазақ халқының танымында көбіне қарашаңыраққа кенже ұл ие болып қалады. Бұны бұрынғы ата-бабаларымыз «отшыген» деп атаған. Мен бұл туралы ауылдың көнекөз қарияларынан естіген едім. Бұл сөз қазір ұмытыла бастаған. Оның түбірі – «от» деген түркінің сөзінен шығады. Мәселен, «отбасы», «отағасы» деген сияқты» делінген хатта.

Келесі сауалымызға назар аударыңыз!

«Көбе» дегеніміз не?

Сауал сырына үңілген Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button