Бас тақырып

«Jusan bank» атауын өзгертті

«Jusan Bank» ресми атауын өзгертіп, енді «Alatau City Bank» деп аталады.

Сурет sputnik.kz

– 2025 жылғы 16 маусымда «First Heartland Jusan Bank» АҚ атауының «Alatau City Bank» АҚ болып ауысуының заңды рәсімінің аяқталғанын хабарлаймыз. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ 2025 жылғы 16 маусымда атауының өзгеруіне байланысты банкті мемлекеттік қайта тіркеуден өткізді. Банк атауын ауыстыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр. Оны іске асыру үшін біршама уақыт қажет болуына байланысты, жеке сервисте, ақпараттық жүйеде, коммуникацияда, қаржылық және басқа құжатта банктің жаңа атауы да, бұрынғы атауы да пайдаланылуы мүмкін, – деп түсіндірілген хабарламада. 

Сондай-ақ, аталған банк мемлекеттің, клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндетін орындауға ребрендингтің еш әсер етпейтінін хабарлайды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button