Үйлерге барып та дауыс жинайды

Әлихан Бөкейхан ауданындағы Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде референдумға қызу дауыс берілуде. Мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған мерекелік концерт те, елдің көңілінен шығуда.

Бізде №№148, 149 учаскелер орналасқан. Архитектурная, Белинсий көшесі мен 19-шы ықшам ауданның бірнеше үйі қамтылған мұнда. Тұрғындар өте белсенді. №149 учаскеде сағат 11:00-ге дейін 400-ден астам адам дауыс берді. Денсаулығына байланысты шыға алмағандардың үйіне барып та дауыс жинаймыз. Ол бойынша өтініштерді 12:00-ге дейін қабылдаймыз. Әзірге, 28 өтініш түсті. Полиция қызметкері, бақылаушы және 2 өкіл барады. Тұрғылықты тіркеу орны бойынша ғана қабылдап жатырмыз. 3-4 адам келді бізде тіркелмеген. Оларды мекенжайы бойынша бағыттап жібердік, – дейді №149 учаске төрағасы Нұрлан Әбденов.
Ал, №148 учаскеде 11:00-ге дейін 700-ден астам адам дауыс берді. Мұнда
Белинский, Крупская, Магнитогорская, Технологическая, Щорс көшелерінің кей үйлері бекітілген.
Учаске төрағасы Олег Кастальский тұрғындардың өте белсенді екенін және мұнда бар жағдай жасалғанын айтты.

Жәлел ШАЛҚАР.