Ресми

Әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында жақында өткен Мәжіліс сайлауына тоқталып, саяси науқанға белсене қатысқан азаматтарға алғыс білдірді.

Сурет: aqorda.kz

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттарының жаңа құрамының ерекшелігін де атап өтті.

– Сондай-ақ, әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалды. Саяси науқан қоғамдағы әрбір азамат Парламентке мүше бола алатынын және «әлеуметтік лифт» жұмыс істейтінін айқын аңғартты. Әділетті қоғамның қалыптасуы дегеніміз – осы!

Бұл сайлау үміткерлерге қойылатын талап өзгергенін көрсетті. Қазір тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату өте маңызды.Мұны дұрыс түсініп, елмен етене араласа білген үміткерлер халық сайлаған өкіл атанды. Сайлаушылар өзінің мұң-мұқтажын білетін және мүддесін қорғай алатын азаматтарға дауыс берді,-деді Мемлекет басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button