Бас тақырыпЖаңалықтар

Әйелдер күресі:Қарағанды облысының құрама командасы Қазақстан Кубогын жеңіп алды

Әйелдер күресінен Қарағанды облысының құрама командасы алғаш рет жалпы есепте бірінші орын иеленді. Астанада өткен Қазақстан Кубогында жерлестеріміз 3 алтын,1 күміс, 1 қола медаль еншіледі.

Суреттер:әкімдік сайтынан

Қарағанды облысының құрама командасы 110 ұпаймен командалық есепте көш бастаса, екінші орын алматылықтардың (105 ұпай), үшінші орын Ақмола облысының (104 ұпай) спортшыларына бұйырды.

Алтын медальді Ирина Жәнібекова (53 кг), Зульфия Яхьярова (55 кг) және Эльмира Сыздықова (76 кг) иеленді. Ангелина Первухина күміспен күптелсе (55 кг), Гүлдана Бекеш (62 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Жарысқа біздің облысымыздан 13 спортшы қатысты. Нәтижесінде бесеуі үздіктер қатарына енді. Спаррингтерге де, жаттығу залдарына да көмектескен барлық жаттықтырушыларға алғысымды білдіремін. Жиындар жемісті өтті. Командалық тәсіл осындай нәтиже берді. Спортшылардың барлығы өте жақсы формада келді. Бұл жарыстар – қыркүйекте Хорватияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерінің бірі. Біздің қыздарымыздың оған бару мүмкіндігі бар, – дейді жаттықтырушы Владислав Сутормин.

Алда бір айдан кейін Түркияда халықаралық турнир,одан кейін рейтингтік турнирлер өтеді. Олардың нәтижесі бойынша әлем чемпионатына жолдамалар сарапқа салынбақ.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button