Спорт
«Үйдегі» жеңіс
«Шахтер» «үйдегі» кезекті ойынын Теміртауда өткізді. «Металлург» стадионында қызылжарлық «Қызыл-Жар СК» клубын қабылдады.
Ойын «Шахтердің» пайдасына шешілді. 2:1.
Қарағандылықтар төреші ысқырығы естілісімен тізгінді қолға алды. Нәтижесі сол, «Шахтер» сапындағы Дамир Кояшевич 5-ші минутта есеп ашты. 1:0.
Арада үш минут өте жерлестеріміз таблодағы басымдықты ұлғайтты. 8-ші минутта Александр Мигунов қақпашы Тимурбек Закировті қапы қалдырды. 2:0.
Қызылжарлықтар қос голға қосымша уақытта Пуношевацтың соққысымен жауап қайырды. 2:1.
Келесі турда «Шахтер» Атырауға барады. 14 сәуір күні «Атыраумен» кездеседі.
Нұрқанат ҚАНАФИН