Балқаштағы Жидебай батыр шағын ауданында үйлердің шатырлары мен қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда екі үйді сырлау жұмыстары аяқталған. Әрі үйдің шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша биыл жалпы 30 үй жөндеуден өтеді деп күтілуде. Оның ішінде 11 үйдің – шатыры, 3 үйдің – фасады, 16 үйдің – фасады мен шатыры жөнделмек.
Сонымен қатар, «Арарат Универсал» ЖШС мердігерлік ұйымы қала бойынша орамішілік және аула аумақтарындағы автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Жөндеу жұмыстары 10 мамырға дейін аяқталады деп күтілуде.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz