Үй құрылысы қарқынды
Биыл Қарағанды қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынмен жүргізілмек. Мәселен, «Панель-Центр» шағын ауданында 1128 отбасыға арналған үш үй пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, осы ауданда 24 қабатты үй тұрғызылады. Егер, тиісті жұмыстар кестеге сай атқарылып жатса, тағы осындай алты үй салу жоспарлануда.
«Шапағат» шағын ауданында №№3-4 және №№8-11 блок-секциялар құрылысы тәмамдалады. Мұнда атышулы «Бесобаның» тұрғындары қоныстанады. Және бүгінде тұрғын үй кешенінің үшінші кезегінің құрылысы басталды. Нәтижесінде, 288 пәтер қолданысқа тапсырылады деп күтілуде.
Арендалық үй қоры үшін 14-ші шағын ауданда бес қабатты үй салынады. Жоспар бойынша үйде 60 пәтер болады. Аталған ауданда тағы үш үй бой көтермек.
Бұдан бөлек, «Күнгей» шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысына 562 жер телімі бөлінді.
Нұрқанат ҚАНАФИН