Медицина

Израиль медицинасы – Қарағандыда

Аймақтағы 49 медицина қызметкері Израильдің Нахария қаласындағы «Галилия» көпсалалы қоғамдық емханасынан біліктілікті арттыру курсына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Тәжірибе алмасу мақсатында қазақстандық дәрігерлер үшін онкология, ядролық медицина, кардиология, кардиохирургия секілді сала бойынша екі апталық курс ұйымдастырылған.

Оқуға барып келген алғашқылардың қатарында балқаштық Мұсамат Шәдіметов пен Жасұлан Шынарбек бар. Мұсамат қалалық орталық ауруханасының жансақтау бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарса, Жасұлан анестезиолог-реаниматолог болып қызмет істейді. Оқыту курсы жалпы реанимация, анестезиология және операциялық бөлімшеде өткен. Оған білікті маман, тағылымдама меңгерушісі Дафне Вилнер жетекшілік етіп, тәжірибесімен бөліскен.

 

– Біз оқу барысында білім беру лекцияларының курсын тыңдадық. Сонымен қатар, Израиль мемлекетінің денсаулық сақтау жүйесімен таныстық. Жансақтау бөлімінде түрлі операцияларға, жылдам терепия бөлімшесінде науқастарды қарауға қатыстық. Түрлі аурулар мен ауыр жағдайларды диагностикалау мен емдеудегі израильдік тәсілді зерттедік, соңғы диагностикалық әдістермен, медициналық орталықта жүргізілген ғылыми зерттеулермен таныстық. Біз өз тәжірибемізді әріптестермен бөлісеміз. Клиникамызда қарқынды терапияның кейбір тәсілдерін енгізгіміз келеді, – дейді Жасұлан Шынарбек.

Бқдан кейін Қарағанды қаласының №2, және №3 көпсалалы ауруханасының, профессор Х.Мақажанов атындағы емхананың дәрігерлері де оқу курсынан өтуде. Қазан айында облыстық денсаулық сақтау басқармасы тағы үш дәрігерді Германияға біліктілігін арттыруға жіберуді жоспарлап отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button