Жаңалықтар

Ізгілікке баулыған шара

Жаңа заман техникасы адамдарды кітаптан алыстатуда. Кітаптағы артық білімсіз (Абай) кемел тұлға болып қалыптасу қиын. Осыған орай Қарағандыдағы Ә.Бөкейхан атындағы №76 орта мектебінде «Оқу шаттығы» жобасын, «Бір аймақ – бір кітап» акциясын және 2018- 2019 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізілген іс-шараларды қорытындылауға арналған облыстық семинар өтті. Шараға облыс өңірлерінен келген ұстаздар, әдіскерлер және кітапханашы мамандар қатысты.

 

Шара басында мектептің «Шамшырақ» ұйымы Жазира Мейірханованың жетекшілігімен қонақтарды «Өткен күнге саяхат» тақырыбы аясында Алашорда көсемі Әлихан Бөкей- хан мұражайымен таныстырды.

Семинардың салтанатты ашылу рәсімінде мектеп директоры Мартбек Күзембаев барлық ізгіліктің оқу-біліммен келетіні, көзі ашық, көкірегі ояу, алғыр жастар ел болашағы екендігі туралы тебірене сөйледі.

Шет ауданы, Ағадыр кентінің Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі оқушыларының «Оқу шаттығы» жобасы аясында қазақ жазушылары шығармаларын қамтитын «Адасқан кейіпкерлер» қойылымы өте әсерлі болды.

Жиынның келесі бөлімінде қатысушы әдіскерлер мен ұстаздар 4 топқа бөлініп факультативтік, танымдық-зерттеу сабақтарына қатысты. Әр сабақта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов, ақын бағдат Мүбәрак, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов, ақын Дәулетхан Сұлтан сынды аймақтың өнер тұлғалары болды.

Семинарды ұйымдастырушы тараптың өкілі, ақын Айнұр Жапбарқұлова өңірлерден келген қатысушылардың арасынан жыл бойы қос акцияны өткізу барысында белсенділік танытқан ұстаздар мен әдіскерлерді марапаттап, сертификат тапсырды.

Тағылымға толы семинардан жұрт тамсана тарқасты.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button