Жаңалықтар

«IV тоқсандағы оқу форматы туралы» онлайн баспасөз-конференциясы

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова: «Елімізде дәстүрлі форматта 2,3 млн. (66,3 %) оқушы, қашықтан – 1,1 млн. (33,7 %) оқушы III-тоқсанды аяқтады.


Қазіргі күні Үкімет жанындағы коронавирустық инфекцияны таратуға жол бермеу бойынша ВАК ұстанымы, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысы үстіміздегі жылдың 25 наурызында бекітілді.
IV тоқсанда өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақтарда болған жағдайда барлық оқушылар оқытудың аралас форматына көшеді (пәндердің бір бөлігі – дәстүрлі, бір бөлігі – қашықтан), 300 оқушыға дейінгі мектептер дәстүрлі жұмыс режимін жалғастырады.
1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша сыныптарды 25 адамнан артық емес оқытуға жол беріледі. Сабақтың ұзақтығы – 40 мин. Оқушылардың білім олқылықтарын толтыру бойынша жұмыс жалғасады».

«Міндетті мектеп формасын киюдің қажеті жоқ, сабаққа еркін және ұқыпты киімде қатысуға рұқсат етіледі.
Ауысымдар бойынша сыныптар санын, сондай-ақ жекелеген пәндерді қашықтан оқытуды мектеп дербес белгілейді.
Министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізуді ұсынды. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізуге ұсыныс берілді».

«Тәуекелі жоғары аймақта орналасқан өңірлерде оқыту форматы 1-5, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар, 9, 11 (12) сыныптар-аралас форматта, 6, 7, 8, 10 сыныптар үшін – қашықтық форматындағы жұмыс режимі сақталады.
‼️ Сонымен қатар, 1-сыныпқа келетін балалардың құжаттарын қабылдау 1-сәуірден басталады».

«Мектеп алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы, яғни 6-ға толатын балаларды қабылдайды.
Құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға болады.
Мектепке бірінші аумақтық қызмет көрсету бойынша өтініш білдірген үш үміткер, тек содан кейін қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткер оқуға қабылданатынын назарларыңызға ұсынамыз.
Мектепке қабылдау барысында білім беру ұйымы оқуға қабылдау қағидаларында көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.

2021-2022 оқу жылы республика бойынша 1 сыныпқа келетін балалардың болжамды саны 340 мыңнан аса баланы құрайды».

Басқа материалдар

Back to top button