Бас тақырыпСпорт

Италияда қысқы Олимпиада ойындары басталды

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары басталды. Төрт жылдықтың басты қысқы додасы 6–22 ақпан аралығында өтеді.

Суреттер Olympic.kz

Ойындардың ашылу салтанаты бір мезгілде бірнеше жерде өтті. Негізгі шара Миландағы «Сан-Сиро» стадионында ұйымдастырылды. Сонымен қатар Кортина-д’Ампеццо, Ливиньо және басқа тау аймақтарында қатар іс-шаралар өткізілді.

Ұлттар шеруінде Қазақстан туын шорт-трек спортшысы Денис Никиша алып шықты. Ал фристайл-могул спортшысы Аяулым Амренова Ливиньо алаңында еліміздің туын алып жүрді. 

Биыл Олимпиадада Қазақстан құрамасы атынан 36 спортшы бақ сынайды. Құрама сапында 18 ер және 18 әйел спортшы бар. Олар 10 спорт түрі бойынша жарыстарға қатысады. 

Жалпы қысқы Олимпиадаға әлемнің ондаған елінен мыңдаған спортшы қатысып, жүлделерді сарапқа салады. 

Қазақстан құрамасына жанкүйер болайық!

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button