Білім

IT-алаң ашылады

Абай атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде жасанды интеллектке негізделген IT – кеңес беру алаңы ашылды. Мұнда студенттер мен оқушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзекті мамандықтар, Қазақстанның және әлемнің жетекші жоғары оқу орындары бойынша кеңестер алып, өздерінің болашақ жалақыларын есептей алады.

Сурет облыс әкімдігінен

IT кеңес беру алаңы үш модульден тұрады. Біріншісі – жаңа кәсіптер атласы. Бұл жерде жастарға соңғы онжылдықта әлемде қандай жаңа және өзекті мамандықтар пайда болғаны туралы айтылады. Екінші модульде мамандық таңдаудың ерекшеліктері айтылған. Мұнда мамандығыңды табу үшін қандай қабілет қажеттігі және не істеу керектігі көрсетіледі. Ал, үшінші модуль бес түрлі QR-кодты қамтиды, олардың әрқайсысында пайдалы ақпарат бар.

Бірінші код бойынша 26 сұрақтан тұратын тесттен өтуге болады. Олардың жауаптарын жасанды интеллект өңдеп, деректерге сүйене отырып, адамға лайықты мамандықтар ұсынады. Бұдан басқа, жүйе желідегі деректерге автоматты түрде талдау жүргізеді және ұсынылған нұсқалардың әрқайсысы үшін орташа жалақыны есептейді. Екінші QR-код жұмысшы мамандықтарына арналған. Оны санай отырып, дәл қазір қандай жұмысшы мамандықтары мен салалары өзекті екендігі туралы толық ақпарат алуға болады. Мұнда Қарағанды облысының колледждері мен жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат бар.

Үшінші QR-код Қазақстан мен әлемнің жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат береді. Жүйе тек оқу орындары туралы жалпы мәліметтерді ғана емес, сондай-ақ, мекенжайлар, телефондар және ресми сайттарға сілтемелер секілді байланыс ақпаратын да береді.

Төртінші код өз бетінше білім алуға арналған. Оны санай отырып, қандай салада жұмыс істеу үшін қандай жеке және кәсіби қасиеттер қажет екенін және оларды өз бетінше қалай дамыта алатынын білуге болады. Соңғы, бесінші QR-код Қазақстан мен әлемнің беделді кәсіптерінің тізіміне енеді.

– Бұл ыңғайлы. Оқушылар болашақ кәсібі туралы толық ақпараттан хабардар болады. Оқу орнын таңдай алады әрі тұлғалық өсуі бойынша кеңес алады. Егер осы ақпараттың барлығын өздері іздеуге тура келсе, онда оған көп уақыт пен күш жұмсалар еді. Біз мектеп оқушыларын біздің жаңа жүйемізді сынап көруге шақырдық, – дейді Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Алма Темірболатова.

Айта кетейік, аталған ІТ кеңес беру алаңы елдегі үшінші алаң. Алғашқысы Ақтөбеде пайда болса, тағы біреуі Жаңаөзенде бар.

Аяулым СОВЕТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button