АймақБалқаш

Іскер әйелдердің ілкімді ісі

Бүгінде қазақ әйелі отбасы, ошақ қасындағы қызметінен бөлек, билікте бой көрсетіп, бизнесті де бағындырып үлгерді. Қоғамның қай саласында болмасын, қыз-келіншектердің әлеуеті артуда. Облыс аумағында қызметі мен әлеуметтік бағытына қарамастан еңбек ететін әйелдердің мәртебесі мен имиджін арттыру мақсатында құрылған бірқатар ұйым бар. Солардың бірі – Іскер әйелдер қауымдастығы. Қазақстан бойынша барлық өңірде филиал ашқан қауымдастық 30 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді.

Сурет автордан

Іскер әйелдер қауымдастығы 1995 жылы жұмыс істейтін әйелдердің мәртебесі мен имиджін көтеру мақсатында құрылған. Бүгінде ел аумағында іскер әйелдер қауымдастығының 20-дан астам филиалы жұмыс істейді. Аталған қауымдастық біздің Қарағанды облысы бойынша да қарқынды жұмыс жасап отыр. Әсіресе, Қарағанды, Теміртау, Саран қалалары мен Осакаровка кентінде белсенділік көрсетілуде.

Жақында облыстық іскер әйелдер Балқаш қаласына келіп, мұн­дағы іске бейім, кәсіпке ике­мі бар нәзік жандармен кездес­ті. Бұл сапардың басты мақсаты – Балқаштағы іскер әйелдер қауым­дастығын жандандыру. Жүздесу барысында «Қарағанды облысының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наталья Арыстанова қауымдас­тықтың жұмысы мен жетістіктері жайлы баяндады. Бұған қоса, кездесуде іскер әйелдер қауымдас­тығының Балқаш қаласындағы филиалын жандандыру мәселесі де талқыланды. Қауымдастық төрайымы балқаштық қыз-келіншектердің сауалдарына толыққанды жауап берді.

Рас, елімізде әйелдердің әр са­лада қалыптасуына барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік саясат тек ана мен баланы қорғауға ғана емес, сонымен қатар, әйелдердің кә­сіпкерлік бастамасын жүзеге асы­рып, жан-жақты дамытуына да бағытталған.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button