АймақБас тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

Ішкі саясат: қорытынды және басымдықтар

2025 жыл Мемлекет басшысы белгілеген мемлекеттік күн тәртібін іске асырудағы маңызды кезең болды. Құқықтық тәртіпті күшейту, еңбек құндылықтарын ілгерілету, жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін арттыру, жауапкершілік пен азаматтық жетілу мәдениетін қалыптастыру сияқты Президент Жолдауында және «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Әділетті Қазақстан», «Жұмысшы мамандықтарының жылы» идеологемаларында белгіленген басымдықтар – өңірде нақты жобалар мен іс-шаралар арқылы іске асырылды.

Сурет басқарма басшысының жеке мұрағатынан

«Заң және тәртіп» идеологемасына енгізілген принциптер басқарма жүзеге асырған жобалар мен акциялар арқылы практикалық мазмұнға толы болды. Жыл ішінде құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 1,5 мыңға жуық іс-шара өткізілді.

Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жоғары оқу орындары мен колледждерде дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылды, еріктілердің қатысуымен есірткі құралдарының жарнамасын жою бойынша рейдтер өткізілді. Бұл жұмыста аталған мәселелердің алдын алуға және халықпен – ең алдымен, жастармен тікелей өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Абайлаңыз, алаяқтар!», «Өз мүлкіңді сақта!», «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!», «Есірткіге жоқ», «Түнгі қаланың балалары», сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға ішімдік пен темекі өнімдерін сатуға қарсы «Өзіңнен баста!», «21+», «STOP SALE» профилактикалық акциялар өтті.

Бірқатар бастамалар жергілікті жерлерде тұрақты және өлшемдік әсер көрсетті. Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Шет, Нұра, Бұқар жырау және Абай аудандарының 69 елдімекенінде «Ішімдіксіз ауыл» жобасы жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда бұл ауылдарда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, бұл бағдарламаның тұрақты профилактикалық әсерін растап отыр.

Жергілікті жобалармен қатар өңірде құқықтық мәдениетті арттыру бойынша жүйелі жұмыстар құрылған. ҚР Бас прокуратурасы жанындағы жобалық кеңсенің жұмысы шеңберінде өңірде облыстық прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ашықтық пен сенімділікті арттыруға бағытталған «Құқықтық тәртіп әліпбиі» қоғамдық акциясы іске асырылуда. Тұрғындардың жанды жауабы мұндай жұмыстың қажеттілігін көрсетті, сондықтан, акция 2026 жылы да жалғасатын болады.

Жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру ол заңды сақтаудан бастап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға дейін жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. «Таза Қазақстан» экология­лық бағдарламасы облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтыды. 2025 жылы іс-шараларға 110 мыңнан астам тұрғын қатысты.

Бастама тек сенбілік форматында ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыра отырып, экофестивальдер, акциялар, челлендждер және қоғамдық форматтар арқылы жүзеге асырылады.

Экологиялық күн тәртібінің маңызды бөлігі оның жүйелі ақпараттық қолдауы болды. БАҚ-та тақырыптық айдарлар ашылды, өңірлік телеарналарда күн сайын арнайы бейнематериалдар шығады, волонтерлер мен экоактивистердің қатысуымен тақырыптық хабарлар ұйымдастырылды. Ақпараттық қамтуды кеңейту үшін 177 баннер орнатылды, LED-экрандарда, медиабордтарда және адамдар көп жиналатын орындарда – вокзалдарда, әуежайларда, саябақтарда, сауда орталықтарында, ХҚКО-ларда және қоғамдық көліктерде бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.

Ақпараттық күн тәртібінде еңбек тақырыбына ерекше назар аударылды. «Жұмысшы мамандықтарының жылы» шеңберінде еңбек беделін және жұмысшы мамандықтарын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылды. Бос орындар жәрмеңкелері, ашық есік күндері, мансап апталары, өндірістік экскурсиялар және мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларын ақпараттық сүйемелдеуді қамтитын медиа-жоспар құрылды.

Әлеуметтік желілер үшін «Жұмысшының бір күні» бейнематериалдар циклы іске қосылды. Жастармен кәсіптік бағдарлау жұмысына, өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс-қимылға және өңірдің тұрақты экономикалық дамуының негізі ретінде жұмысшы кәсіптерін танымал етуге ерекше назар аударылды.

2025 жыл әлеуметтік-экономикалық міндеттермен қатар тарихи және әлеуметтік-шоғырландырушы сипаттағы оқиғаларға толы болды. Ол Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы, мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы сияқты ірі мерейтойлық күндердің белгісімен өтті.

Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар ардагерлердің, жастардың, еріктілердің және қоғам өкілдерінің қатысуымен 1 000-нан астам іс-шараны қамтыды. Соғыстың барлық қатысушыларына 5 млн теңге төленді, 2 797 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне «Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдар табысталды. Ардагерлер тегін дәрі-дәрмектермен және медициналық көмекпен қамтамасыз етілді, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуден босатылды, тегін көлік қызметі ұйымдастырылды. Демеушілік қаражаты есебінен 50-ден астам ардагер отбасының үйлері жөндеуден өтті.

«Таза Қазақстан – Киелі мекен» бастамасы аясында 156 мемориал мен Жауынгерлік Даңқ ескерткіштері абаттандырылды. БАҚ-та және онлайн-платформаларда «Ер есімі – ел есінде» акциясы, мектептер мен колледждерде ерлік сабақтары мен патриоттық іс-шаралар өтті.

Сабақтастық пен бірлік тақырыбы этносаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыста да жалғасын тапты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы оның әрі қарайғы рөлін түсінудің маңызды кезеңі болды. Өңірде 80 мыңға жуық адамды қамтитын 1 500-ден астам іс-шара өткізілді. «Ақсақалдар кеңесі» және «Аналар кеңесі» республикалық кеңестердің отырыстары өтті, Қарағандыда ҚХА мерейтойына арналған Мұрал құрылды. Екі студенттік Ассамблея құрылды, төрт жетекші ЖОО-да ҚХА кафедралары, екі ірі өнеркәсіптік кәсіпорында – еңбек Ассамблеялары жұмыс істейді. «Жомарт Жан» орталығы 200 балаға арналған жаңа жылдық шыршаны қоса алғанда, 113 қайырымдылық іс-шараны іске асырды.

Бұл мәселелер Мемлекет басшысы белгілеген жалпыұлттық күн тәртібімен тікелей байланысты. Осы тұрғыда V Ұлттық Құрылтайда қоғамдық диалог институттарын одан әрі дамыту, соның ішінде, Халық кеңесін құру және ҚХА жұмысының форматын жаңарту бойынша ұсыныс­тар айтылды.

Қоғамдық келісім мен сенімнің негізі болып – құқықтық Конституция – мемлекеттің іргетасы болып қала береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар «Заң және тәртіп» идеологемасымен өтті. Облыста 700-ден астам іс-шара – концерттер, көрмелер, құқықтық жәрмеңкелер, тегін заң кеңестері және азаматтарды қоғамдық қабылдаулар өткізілді.

Конституция күніне орай бірқатар әлеу­меттік маңызы бар нысандар пайдалануға берілді, ал, басты оқиға 20 мыңнан астам қатысушыны жинаған «Ата Заңға 30 жыл» облыстық патриоттық форумы болды. «QARMET» АҚ гала-концерт ұйымдастырды, оған 120 мыңнан астам көрермен қатысты. Әлеуметтік желілерде «Бір күні – бір бап» және «30 игі іс – 30 жыл Конституция» челлендждері қолдау тапты.

Сол құндылық қатарында – ел мен өңірдің көрнекті тұлғаларының мұрасына назар аудару. 2025 жылы еліміздің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары: Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы, Евней Бөкетовтің 100 жылдығы, Әбілқас Сағыновтың 110 жылдығы, Нығмет Нұрмақовтың және т.б. мерейтойлары кеңінен атап өтілді.

Бұл бастамаларды белсенді ақпараттық сүйемелдеусіз іске асыру мүмкін болмас еді. Өңірде 69 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. 2025 жылы брифингтер, баспасөз турлары және көшпелі кездесулерді қоса алғанда 146 баспасөз іс-шарасы өткізілді. Қалалар мен аудандардың барлық әкімдері халықпен тікелей кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік желілерде жеке парақшалар жүргізеді.

Кәсіби журналистік қоғамдастықты қолдау осы жұмыстың маңызды бағыты болып қала береді. Тұрақты дәстүрлердің бірі 19 жыл бойы өткізіліп келе жатқан облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығына конкурс өткізу болды.

Қоғаммен диалог тек медиа арқылы ғана емес, азаматтық қоғам институттары арқылы да құрылады. Жүйелі негізде саяси партиялармен, ҮЕҰ және қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл құрылған. Өңірде алты саяси партияның атынан өкілдік ететін депутаттық корпус жаңартылды, ҚХА-ның «Бірлік» депутаттық тобы құрылды. Қоғамдық кеңестер жаңартылды, олардың құрамының 50%-ы – жастар.

ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыруға 2,3 млрд теңге бағытталды. «Ten Qogam», ҮЕҰ ақпараттық-білім беру орталығының жобалары, лудомания мен нашақорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құқықтық сауаттылықты қалыптастыру жөніндегі бастамалар іске асырылуда. Әлеуметтік бастамаларды іске асыруда қайырымдылық секторы да маңызды рөл атқарады. Бұл жұмысқа «Қазақстан халқына» қорының жобалары елеулі үлес қосуда.

Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы жұмысының барлық бағыттары елдің ішкі саясатының қазіргі заманғы логикасын айқындайтын жүйелік процес­тердің бір бөлігіне айналды.

Бүгінгі таңда тәсілдер емес, мағыналар – қоғамның негізгі шешімдерді талқылауға қатысуы, жауапкершіліктің бөлінуі және мемлекет пен азаматтардың өзара әрекеттесуінің түсінікті ережелері барған сайын маңызды бола түсуде. Бұл саналы қатысу мен сенім туралы сұрау Қазақстан Республикасының ішкі саясат тұжырымдамасында, сондай-ақ, Парламент пен өкілді органдардың шешім қабылдауға неғұрлым белсенді қатысуын, қоғамдық талқылауды күшейтуді және билік пен қоғам арасындағы кері байланыс тетіктерін кеңейтуді көздейтін Конституциялық өзгерістері мен саяси институттардың дамуында көрініс тапты.

Өткен кезең ішкі саясатты дамытудағы маңызды кезең болды: берілген тұжырымдамалық бағдарлар ресми көрсеткіштерден нақты қоғамдық әсерге және қоғаммен өзара іс-қимыл сапасына баса назар аударды. Осы логикада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен «Алаш» қозғалысы мұрасынан бастап маңызды мәдени және өңірлік мерейтойларға дейінгі мерейтойлық және атаулы күндерге арналған тәсілдерді қоса алғанда, одан әрі жұмыс құрылатын болады. Ресми мерекелерге емес, тарихи тәжірибені түсінуге, ұлттық құндылықтар мен қоғамдық бірлікті нығайтуға басымдық беріледі.

Осы бағыттардың барлығын бір мақсат біріктіреді, ол – өңірдің қоғамдық келісімін, сенімі мен тұрақтылығын нығайту. Дәл осы негізде Қарағанды облысының ішкі саясаты жалпыұлттық курс­тың бір бөлігі ретінде қалыптасуда.

Нұрлан БИКЕНОВ,
Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Back to top button