Жаңалықтар

Іс-түссіз жоғалғандардың мәйіті Нұра өзенінен табылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 18 маусым кешкілік уақытта Абай ауданы, Самарқа ауылының маңында екі адамның жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Іздестіру жұмыстарына департамент мамандары жұмылдырылып, екінші адамның денесін Нұра өзенінен тапты.

 

Жоғалған әйел – 1986, ер адам – 1987 жылы туған. Департамент қызметкерлері хабарлама келіп түскеннен бастап іздестіру жұмыстарына кіріскен. Нәтижесінде, әйел адамның денесін 19 маусымда Нұра өзенінен тапқан.

Ал, ер адамның денесін күні кеше ғана судан шығарып алды. Мамандар мәйітті іздестіру жұмыстары басталған жерден 3,5 шақырым жерден тапқан. Қазіргі уақытта өлімнің мән-жайы анықталуда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button