Ірі кәсіорынмен келісімге қол қойылды
Бұқар жырау ауданында кәсіпкерлікті қолдап,дамыту мақсатында аудан әкімдігі мен “Qaragandy Power Siticon” ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
– Бұл келісімнің негізгі мақсаты –ауданның шағын және орта бизнесін қолдау,олардың өнімдерін ілгерілету және іскерлік қарым-қатынасты нығайту,-деп атап өтті Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын.
Аталған келісім аясында “Санаторий Саялы” ЖШС,”Ақ Нұра” АҚП,”Baiterek ResontKZ” және “Арлан” жеке кәсіпорны өзара тиімді әріптестік орнатты.
Меморандумға сәйкес тараптар жоғары сапалы өнімдерді тұрақты жеткізу,кәсіпорындар арасында тәжірибе алмасу және аудан кәсіпкерлерінің әлеуетін арттыру бағытында жұмыс істейтін болады.Бұл келісім аудан экономикасына оң әсерін тигізіп,жергілікті тауар өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Бұқар жырау ауданының әкімдігі осындай стратегиялық әріптестіктің жалғасуына сенім білдіріп,аудан кәсіпкерлерін қолдау бағытындағы шараларды одан әрі қарай да жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан