Ресми

Өңірдегі тозған жайылымдар қалпына келтірілуде

Елді мекендердің маңындағы тозған жайылымдарды қалпына келтірілу мақсатында өңірде арнайы пилоттық жоба іске қосылды. Аталмыш жоба мал жаюға арналған жер тапшылығы мәселесін шешуге, көпжылдық шөптерді отырғызып, шөпті уақытылы жинауға үлкен септігін тигізбек.

Қазіргі таңда көпжылдық шөптерді отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Мамандар шөптің жерсініп, көтерілуі үшін біршама уақыттық қажет екенін айтады. Шөп көтерілгеннен кейін малды жаңартылған жайылымға жібермек. Ал, бұдан оң нәтиже алу үшін екі жылдай уақыт қажет. Айта кетейік, жобаға облыстық бюджеттен қаржы бөлінген.

– Күллі Қазақстан бойынша мал жаюға арналған жайылымдардың тапшылығы бүгінгі күннің бас ауруына айналды. Осы мәселені шешу үшін тозған жерлерді қалпына келтіру жобасы іске қосылды. Аймақта бұл жоба 2020 жылы алғаш рет Бұқар жырау ауданында іске асырылды. Онда 800 гектарға жуық жер қалпына келтірілген болатын. Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданында, Ынтымақ, Абай және Нұрмақова ауылының маңында жұмыс жүргізілуде. «Медет Агро» өндірістік кооперативінің қызметкерлері Ынталы ауылының маңындағы 500 гектар жерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда, –  дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Бошпанов.

Бүгінгі таңда жер жырту жұмыстары басталып кеткен. Кейін агрономдар ылғалдылық пен басқа да параметрлерді анықтау үшін жер сынамаларын алады. Алдағы уақытта климаттық жағдайға жылдам бейімделетін әрі ерекше күтімді қажет етпейтін  шөп өсірілмек. Бұған ауыл тұрғындары да бек қуанышты. Себебі, жазда құрғақ ауа райына байланысты шөп дайындауда қиындықтардың туғанын жасырмады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button