Бас тақырып

Өңірдегі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі артып келеді

Бұл туралы облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дарын Бұлқайыр өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтып берді.

Суреттер: өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан

Басқарма басшысының мәліметінше, алдағы уақытта қара металлургияда – 5%-ға, машина жасауда – 4%-ға, түсті металлургияда – 2,5%-ға және құрылыс индустриясындағы өнім көлемі – 2%-ға артпақ.

– Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 12,2%-ға өсіммен 854,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде жеке инвестициялардың көлемі 734 млрд. теңге. Оның 120,2 млрд. тенгесі – бюджет қоры. Жаңа өндірісті іске қосуға келетін болсақ, былтыр 138 млрд. теңгеге 11 жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Атап айтсақ, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында, РТБ өнеркәсіптік алаңында, Балқаш пен Саран қаласында және Абай, Нұра, Осакаров пен Қарқаралыда іске қосылған бірнеше жоба бар, – деді Дарын Бейбітұлы

Мәселен, Осакаров ауданында жоғары сапалы әк шығаратын зауыт іске қосылды. Осы зауыт үшін 30 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ден астам жұмыс орны ашылған. Жаңа зауыт қара және түсті металлургия мен шыны өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындардың сұранысын өтейтін болады. Сондай-ақ зауыт өнімдерін жылу электр станцияларының түтін мен газдарын тазарту үшін пайдалану жоспарлануда. Ал, бұл ауа мен қоршаған ортаның ластану мәселелерін шешеді.

– Өңірдегі серпінді жобалардың бірі – Нұра ауданындағы арнайы кокс өндіретін зауыт. Жылдық қуаттылығы – 400 мың тонна. Сонымен қатар, жыл сайын Шұбаркөл көмірінен 70 мың тоннадан астам көмір шайыры мен мұнай өндірілетін болады. Жаңа кәсіпорын өндіріс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін технологиялық шешімдерді ұсынады. Технологияда пайдаланылатын барлық су ресурстары мен ластанған ағынды сулар тазартылып, сумен жабдықтау жүйесіне жіберіледі, – деді басқарма басшысы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button