Өңірде жыл басынан бері 26 өрт оқиғасы тіркелген
Биылғы жылыту маусымында тұрғын үй секторында 26 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан екі адам жарақат алған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзіне сүйенсек, өрт шыққан үйлердің басым бөлігі жеке сектор үйлерінен. Одан кейінгі көп тіркелгені – аула аумағында салынған құрылыстан шыққан өрт. Ал, көпқабатты үйлерден шыққан өрттің саны биыл азайған. Жыл басынан бері өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында өңірде 988 өрт хабарлағыш дачигі орнатылған. Оның 888-і көміртегі тотығы дачигі болса, 100-і түтін өрт хабарлағышы.
Жергілікті атқарушы органдар көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, жалғызбасты мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнет жасындағылар тұратын 4 480 тұрғын үй тізімін жасаған болатын. Нәтижесінде, 3 534 үйге арнайы өрттен хабар беретін дачиктер орнатқан. Ал, қалған 946 үйге дачикті орнату жұмыстары жүргізілуде.
– Пешті қалау немесе пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаннан шығады. Немесе, электр жабдықтарын монтаждау, техникалық пайдалану кезінде қауіпсіздікті естен шығарып жатады. Жалпы, қауіпсіздік ережелерін сақтамағанның салдарынан өрт шығып жатыр. Қазіргі таңда тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілуде. Осы мақсатта 5588 адамды қамтыған 285 кездесу өткізілді. Сонымен қатар, жыл басынан бері аймақтағы 10 радиостанциядан өртке қарсы тақырыпта түрлі хабарландыру апта сайын берілді, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпбаев.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz