Жаңалықтар

Өңірде заңгерлер құқықтық көмекке мұқтаж жандарға тегін кеңес берді

Халықтың құқықтық сауатын арттыру мақсатында Достық үйінде «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтті. Аймақтың ең үздік заңгерлері мен адвокаттары жиналған жиында олар құқықтық көмекке мұқтаж жандарға тегін кеңес беріп, көмек көрсетті.

Суреттерді түсірген автор

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, Әділет Министрлігінің ұйытқы болуымен акция 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Осы жылдар аралығында 10 000-нан астам үздік сарапшыдан жобамен 400 мыңға жуық адам кеңес алды.

– Бүгінгі акцияға заңгерлерден бөлек бірнеше мамандар қатысуда. Нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, мемлекеттік органдардың басшылары бар. Көмекке мұқтаж жан өзін құқық саласы бойынша қызықтырған кез келген сауалға жауап ала алады, – деді облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Данияр Байділдин.

Облыс орталығынан бөлек, акция аймақтың басқа қалалары мен шалғай аудандарында да жалғасын тапты.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН

“Ortalyq Qazaqstan”

Басқа материалдар

Back to top button