Бас тақырыпБасты тақырып

Өңірде TED форматындағы «Ойталқы» өтті

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста қазақ тілін ғылым мен білім тілі ретінде дамытуға арналған TED форматындағы «Ойталқы» республикалық семинары өтті. Іс-шарада еліміздің жетекші ғалымдары, тіл саясаты саласының мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосты. Семинардың ашылуында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей қазақ тілін ғылыми және білім беру кеңістігінде ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Сурет облыс әкімдігінен

Семинар жұмысына әкімдік мамандары мен оқу орталықтарының басшылары, академиялық және IT қауымдастықтарының өкілдері, ұлттық компаниялардың қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов «Ғылым тілінің әдіснамасын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.

Қарағанды медицина университетінің профессоры Хабира Әбдіқадырова қатысушылардың назарын «Қазақ тіліндегі медициналық терминологияның дамуы: мәселелері мен болашағы» тақырыбына аударды. Ал «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы Талғат Бектұр «Қазақ тілін дамытудағы жасанды интеллектінің қолданылуы» жөнінде баяндама жасады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button