Бас тақырып

Өңірде үш бағыт бойынша жол жабық

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аймақта жағдай тұрақталған. Дегенмен республикалық және екі облыстық маңызы бар жол әлі де жабық тұр.

Сурет ТЖД

Департамент мамандары:

– Сағат 9:00-ден бастап «Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Ақмола облысының шекарасынан Теміртау қаласындағы ақы алу пунктіне дейінгі учаскесі (1353-1426 км) жабылды. Сағат 11:20-дан бастап «Осакаров – Молодежное» (0-81 км) облыстық маңызы бар автомобиль жолының учаскесі жабық. Сағат 11:20-дан бастап «Нұра-Осакаров» (0-83 км) облыстық маңызы бар автожолдың учаскесі жабылды, – дейді.

«Екатеринбург-Алматы» республикалық тас жолында Теміртау қаласындағы ақы алу пунктінде көліктердің жинақталуы байқалады: 350 жүк көлігі және 678 жеңіл автокөлік (барлығы 1706 адам). Қазіргі таңда Теміртау қаласында 60 адамға есептелген екі жылу пункті жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаменті көліктерді Қарағанды ​​немесе Теміртау қалаларына қайтару бойынша түсіндіру шараларын жүргізуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button