Өңірде референдум өткізуге дайындық жалғасуда
Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденейдің атап өтуінше, өңірде референдум өткізуге дайындық белсенді жүріп жатыр.

– Бүгінгі таңда облыс аумағында республикалық референдумды өткізуге барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық шаралар толық орындалды. Дайындық жұмыстары заң талаптарына сәйкес жүргізілуде. Ең алдымен, сайлаушылар тізімін нақтылау мәселесіне баса назар аударылған. Облыс бойынша 757 671 азамат референдумға қатысу құқығы бар тұлғалар ретінде тізімге енгізіліп, тиісті комиссияларға берілді. Азаматтардың өз деректерін тексеруі үшін бірнеше тетік іске қосылды. Атап айтқанда, тәулік бойы жұмыс істейтін «Сенім 109» байланыс орталығы, облыстың 13 өңірінде орналасқан 15 call-орталық, қала және аудан әкімдіктерінің ресми сайттары арқылы онлайн тексеру мүмкіндігі, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



