Бас тақырып

Өңірде көмек жинау пункті жұмыс істеп тұр

Су тасқынынан зардап шеккен жандар үшін кәсіпкерлер мен еріктілер қолдан келгенінше көмек көрсетуде. Тіпті, Қарағандыдағы «Достық» үйінде көмек жинау пункті ашылып, барлық қажетті дүниелер осы жерге топтастырылып жатыр. Өткен жолы кәсіпкерлер мен еріктілердің көмегімен жиналған гуманитарлық көмек екі жүк көлігімен Шет ауданына жөнелтілді. Бұл жолы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен еріктілер штабы су басқан Қостанай және Батыс Қазақстан облысына жүк артпақ.

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Әр өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқыны орын алған күннен бастап көмек жинаудан қалыс қалмады. Қаржылай көмек те аударып, түрлі тұрмыстық дүниелерді артып осы пунктке жеткізіп жатыр. Одан бөлек, облыстық Ассамблеяның мүшелері де гуманитарлық көмек жинап берді. Бұл жолы еріктілер «Достық» үйіне үш тонна ұн түсірді. Енді, екі күн мұғдарында әр өңірден жеткізілетін жүк көліктерін күтіп, Қостанай және Батыс Қазақстан облысына аттанбақ.

– Облыс бойынша 50 ерікті жұмылдырылып, жеткізілген ұнды тиедік. Жүк көлігінде ұннан бөлек гигиеналық заттар, тамақ, матрас және резеңке етіктер бар. Еріктілер тобы күн-түн демей барынша көмек көрсетуде, – деді Қарағанды облысының еріктілер фронд-офисі тобының жетекшісі Ардана Мырзанова.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button