Спорт

Өңірде футбол академиялары ашылады

Биыл қарағандылық «Шахтер» футбол клубы өз тарихында бірінші рет Премер лига сапынан шығып қалды. Тарихы бай футбол клубының дәл осындай жағдайға түскені кімді болсада алаңдатпай қоймайды. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев тікелей эфирде клубтың қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Әрі бірнеше қалада футбол академиясының ашылатынын да мәлімдеді.

Сурет: shakhter.kz

Аймақ басшысы өз сөзінде:

– Әркім әр қалай айтып жүр. Біреулері «Бюджеттен ақша бөлінбеген» дейді. Енді біреулері «Демеушілер жағынан көмек болмай тұр» деп жатыр. Біздің тараптан, бюджеттен қажетті ақша бөлініп жатыр. Демеушілерді де тауып бердік. Одан қала берді, өздерінің бұрыннан келе жатқан қарыздары бар. Оны да жауып беріп жатырмыз. Менің бір түсінгенім, командаға легионерлерді алып, соларды ойнатып жатқанымыз дұрыс емес. Бірақ, жергілікті жерде футбол ойнайтын жастарымыз аз. Тіпті, жоқ деп айтуға болады. Балаларды жаттықтыратын жаттықтырушылар да аз. Сол себепті легионерлер қаптап кетті. Өкінішке қарай, стандартқа келетін жабық арена да жоқ. Осы мәселенің бәрін ескере отырып, клуб басшылығымен жиын өтеді. Сол отырыста барлық мәселе көтеріледі. Бұған дейін де талқылағанбыз, – деді.

Сонымен қатар, өңірде балаларды дайындайтын футбол академиясының ашылатынын мәлімдеді.

– Алдағы уақытта Қарағандыда, Балқаш, Саран және Теміртау қаласынан футбол академиясын ашуды жоспарлап отырмыз. Мүмкіндік болса, басқа да қалалардан ашу да жоспарда бар. Балаларды сол жерден тәрбиелеп, жаттықтырып, үлкен алаңға шығарамыз. Екінші мәселе, жаттықтырушылардың жайы. Балаларды жаттықтыратын бапкер дайындаймыз. Қажет болса, шетелден алдыртамыз. Осы мәселені жасап алып барып, «Шахтер» клубын көтереміз. Легионерлер емес, академиядан шыққан, осы елде туып өскен балалар доп тебетін болады, – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button