АймақБас тақырып

Өңірде екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Облыстық білім басқармасының мәліметінше,  Қарағанды облысында қатты жел мен күшейіп келе жатқан аязға байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқу форматына көшірілді. 10 наурыз күні 0–11 сынып оқушылары онлайн форматта білім алады.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Қашықтан оқу Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Осакаров, Бұқар жырау, Абай, Шет және Нұра аудандарында енгізілді.

Ал Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында, сондай-ақ Приозерск пен Балқаш қалаларында барлық сынып оқушылары үшін сабақтар штаттық режимде өтеді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button