АймақЖаңалықтарҚарағанды

Өңірде Дүниежүзілік сайлау күніне орай 26 іс-шара өтті

Жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде әлем бойынша 2005 жылы Будапештте өткен Еропалық сайлауды ұйымдастырушылар Қауымдастығының Бас конференциясында белгіленген жене Біріккен Ұлттар ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Осыған байланысты Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында облыстық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар клубының мүшелері мен студенттер «Табысқа бірге» диалог алаңында пікір алмасты. 

Суреттерді түсірген автор

Аталған іс-шараға облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нұркенов пен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстағы филиалының директоры, Қарағанды облысының қоғамдық кеңесінің төрағасы Серікжан Байбосынов қатысты. Сонымен қатар,№110 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Гүлжахан Ибадуллаева мен №169 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Айтышева қатысып, сайлаудың ашықтығы жайында сөз қозғады.

Биыл облыстың барлық өңірлерінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай 26 маңызды іс-шара өткізілді. Оған өңір бойынша 1200-ден астам адам қатысқан көрінеді. Ал, солардың 955-і – жастар. Айта кетейік, іс-шаралар түрлі форматта өткізілген.

Бүгін қорытынды іс-шара Мемлекеттік басқару академиясының облыстағы филиалында түйінделді. Кездесуде әділ және ашық сайлауды қамтамасыз ету, әрбір азаматтың сайлауда өз еркін білдіруіне мүмкіндік беру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, жастар өз ісінің мамандарынан сайлау процесіне байланысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.кz

Басқа материалдар

Back to top button