Ресми

Өңірде 651 референдум комиссиясы жұмыс істейді

Облыстық референдум комиссиясының төрағасы Қайрат Нұркеновтің айтуынша, өңірде 651 референдум комиссиясы жұмыс істейді, олардың құрамында 4415 адам бар. Барлығы 757 671 сайлаушы тіркелген, олардың ішінде 5159-ы – мүгедектігі бар азаматтар. Олар үшін дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалады.

Естеріңізге сала кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Дауыс беруге мынадай сұрақ қойылады:
«2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қабылдайсыз ба?»

Жауап нұсқалары:
• «ИӘ, қабылдаймын»
• «ЖОҚ, қабылдамаймын»

Референдумда дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button