Бас тақырып

Өңірде 50 мың тоннаға жуық көмір қоры бар

Аймақтағы теміржол тұйықтарында 50 мың тоннаға жуық көмір қоры бар. Қазіргі уақытта өңірде халыққа көмірді бір шахта мен сегіз разрез жеткізеді. Биыл өндіріс пайызын арттыру жоспарланып отыр.

Суреттер gov.kz сайтынан алынды

Тұрғындарға көмір сатумен Қарағанды қаласындағы EXIM Artis байыту фабрикасы айналысады. Бүгінде қоймалардағы қатты отынның жалпы көлемі 50 мың тоннаға жуық. Жергілікті жерлердің көмірінен басқа Майқұба, Екібастұз және Қаражыра көмірі де бар.


Қарағанды облысы бойынша көмір сататын 55 нүкте ашылды. Балқаш қаласы мен Қарағайлы Ақтоғай ауылында қосымша тұйықтар ашылды.

Қарағандыда көмірді 19 пунктте сатып алуға болады. Барлық нүктелердің мекенжайлары «2гис» электрондық анықтамалығында орналастырылған.

Ең төменгі баға – көмір маркасына байланысты. Мысалы, нан-макарон комбинатының арғы жағында орналасқан тұйықта шұбаркөл көмірінің бір тоннасы – 13 450 теңге. Қара отын бағасы облыс орталығынан неғұрлым алыс болса, соғұрлым қымбатқа түседі.

Егер көмірдің сапасы туралы сұрақтар туындаса, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласу қажет. Қарағанды бойынша жедел желі нөмірі 42-15-05.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button