Ресми
Өңірде 17 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда
Қазіргі уақытта аймақтағы барлық энергия көздері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жылу желілерін салу және реконструкциялау бойынша 17 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Мәселен, Қарағандыда ұзындығы 21,5 шақырым жылу желілерін жөндеу және жаңғырту аяқталды. Бұл дегеніңіз, 70-ке жуық тұрғын үй мен 13 әлеуметтік нысанды жылумен жабдықтау сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік берді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді.
– Өңірде жылу желілерін салу және реконструкциялау бойынша 17 инфрақұрылымдық жобаның ауқымды жұмысы жүріп жатыр, – деді облыс әкімі.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz