Бас тақырыпБасты тақырып
Иранда хиджаб киюді міндеттейтін ресми заң күшін жойды
Иранның мақсаттылық кеңесінің мүшесі Мұхаммадреза Бахонар хиджабты міндетті түрде тағу қажетілігі жойылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, “хиджаб кимейтін әйелдерге ешқандай айыппұл, жаза немесе құқықтық шектеулер қолданылмайды” деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты BAQ.KZ -ге сілтеме жасап.

Шешім қабылданғаннан кейін әлеуметтік желілерде хиджабсыз еркін жүрген әйелдердің видеожазбалары тез тарап, көшелерде және қоғамдық орындарда еркін киінген әйелдерді жиірек көру мүмкін болды.
Айта кеткен жөн, 2022 жылы Иранда 22 жастағы Махса Аминидің қайтыс болуынан кейін бүкіл елге тараған наразылықтар орын алған. Ол бас киімді дұрыс кимегені үшін ұсталған. Наразылық кезінде әйелдер бас киімдерін шешіп тастаған, кейбірі оларды өртеген. Репрессиялар нәтижесінде 550-ден астам наразылық білдіруші қаза тауып, мыңдаған адам қамауға алынған.
Бұған дейін Тегеранда тағы бір Азад Ислам университетінің студенті хиджабты дұрыс кимегені үшін қысым көргендіктен, көшеде іш киіміне дейін шешіп тастаған болатын.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ